20.04.2022, 17:51
Оқылды: 60

Үлгілі Жібек Түркияға сапар шекпек

Ағымдағы жылдың 21 сәуірі күні «Үлгілі Қыз Жібек» дәстүрлі әншілер ансамблі Түркия мемлекетінің Измир шаһарына сапар шекпек. Олар 22-26 сәуір күндері аралығында «International Foça Forgotten Children Games and Dance Festival» атты халықаралық фестиваль-конкурсына қатысады. Ансамбль Түркияда Болгария, Грузия, Румыния, Македония, Косова, Босния және Герцеговина, Греция, Сербия, Молдова, Украина, Әзірбайжан және өзге де мемлекеттердің өнерпаздарымен өнер додасында сынға түседі.

8c65c663-1242-4c42-8254-e77d806a45e3

Жас дәстүрлі әншілерге қолдау көрсетуге Казталов ауданы әкімі Рүстем Зұлқашев, аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова арнайы барып, жылы лебізін білдірді. Ансамбльдің шет елге сапар шегуіне аудан әкімдігі, жеке кәсіпкерлер, облыстық мәдениет басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығы және жас өнерпаздардың ата-аналары қолдау көрсетті.

40d74e2f-8c4d-4d76-bbd6-8eda39cdf1d3

Біз де, аудан жұртшылығы атынан «Үлгілі Қыз Жібек» дәстүрлі әншілер ансамбліне сәттілік және шығармашылық табыс тілейміз.

«Ауыл айнасы»

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале