3.10.2024, 23:00
Оқылды: 7

"Үлкендер жолы – ұлылық": Казталовта ұстаздармен кездесу өтті

Бүгін Ғинаят Молдашев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Қариялар мерекесі және Ұстаздар күніне орай, ардагер ұстаздар, аға буын және жас ұстаздардың қатысуымен сыр-сұхбат өтті.

IMG-20241003-WA0042

Шараға білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері мен жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде жетістіктерге жеткен аяулы ардагер ұстаздар, аудандық білім бөлімінің басшысы Самал Джангереева мен әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Асыл Кенжеғалиева арнайы келіп мереке қарсаңында ұстаздарға өз тілектерін білдіріп, құттықтау хатын табыс етті.

Әдемі кеште ұстаз атты ұлағатты есімді өмірлік серік еткен жас мамандармен фильм көрсетіліп, поэзиялық өлеңдер өрілді.

Кеш соңында ардагер ұстаздар құнды кеңестерін айтып, ақ баталарын берді.

#Ұстаздар_мерекесі

#Біртұтас_тәрбие

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале