2.12.2022, 12:30
Оқылды: 57

Ұлт тәрбиесі – ұрпаққа аманат 

Дәл осындай тақырыппен Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында жас отбасы форумы өтті. 

ұлт тәрбиесі

Оған дәстүрлі әншілер ерлі-зайыпты Фархат-Ақмарал Оразовтар, атбегі Ақылбек Ищанов, ақын Асантемір Қаршығаұлы, аудандық мешіт имамы Құлтемір Наджмидинов қатысты.

Форумды жүргізген аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Аманғали Байғали шараның басты мақсатымен таныстырып өтті. Форум барысында ұлттық тәрбие жөнінде кеңінен әңгіме болды. Игі шараға қатысушылар тәлім-тәрбие жайында күнделікті өмірден мысалдар келтіріп, жақсы әңгімелерді өрбітті. Өңірімізге танымал болып жүрген ел азаматтары өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға ой саларлықтай сөздерін айтты. Қазіргі қоғамда болып жатқан кемшіліктер мен қателіктер, жас отбасылардың ажырасуы, ошушылардың телефонға телміруі жайында әңгіме қозғалды. Форум барысында Фархат пен Ақмарал Оразовтар домбырамен ән шырқап берсе, Асантемір Қаршығаұлы өзінің өлеңдерін оқып шараның көркін қыздырды. Форум соңында Аманғали Байғали келген қонақтарға кәдесый үлестірді.

Әсет Баян,

Тасқала ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале