Чернобыль атом электр станциясындағы 1986 жылғы 26 сәуірдегі апатты жоюға 600 мыңға жуық адам қатысқан. Оның ішінде химиялық қорғау полкі құрамындағы 32 мың қазақстандық болған. Чернобыль апаты қазақстандықтардың жүрегінде әлі күнге дейін сақталуда. Осы орайда Тасқала ауданы орталығындағы коворкингте «Ұлт тәрбиесі – ұрпаққа аманат» атты шар өтті.
Бұл шарада Чернобыль жерінде қызмет атқарған жерлестеріміз қатысты. Олар Табылды Шарипов пен Серік Ұлданов, аудандық ішкі саясат басшысы Думан Ғазез, «Amanat» партиясының аудандық филиалының төрайымы Люция Жұбанышқалиева, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Аман Байғали және колледж студенттері қатысты.
Жиында Чернобыльге қатысқан жерлестеріміз өздерінің бастарынан кешкен қиын жайттарын айтып берді. Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан мыңдаған отандасымыздың ерлігі мен жігері болмаса, апаттың ауқымы одан да үлкен болуы ықтимал еді. Олар өмірлері мен денсаулықтарын пида етіп, борыштарын орындады. Адамдарды радиацияның зиянды әсерінен қорғады. Радиацияның әрі қарай таралуына тосқауыл болды.
Жиынға қатысқандар ойларын айтып, жерлестерімізге ризашылықтарын білдірді.
Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz