2023 жылы Қазақстан Респбуликасы Үкіметі қаулысымен ақпан айының 2 жұлдызы Ұлттық басылым күні ретінде бекітілген болатын. 1913 жылдың осы күнінде ұлттық баспасөздің бастауы – «Қазақ» газеті жарық көрді. Міне сондықтан ұлт зиялыларының бірлесіп бастаған басылымның алғашқы саны шыққан күн Ұлттық басылым күні болып белгіленді.

Осы атаулы күн қарсаңында Шыңғырлау аудандық мәслихат төрағасы Сағидолла Тұрғалиев, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Азамат Тағаниязов қоғамның айнасы – аудандық газетте талай жыл табан аудармай қызмет еткен ардагер тілші Татьяна Кишкинамен, аудан баспасөзіне елеулі еңбегі сіңген тілші Бақыт Баймағамбетовамен, «Серпін» газетінің қаламы қарымды жас тілшісі Екатерина Кивамен кездесті.



Баспасөз қызметкерлерін мерекелерімен құттықтай келе, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Азамат Тағаниязов өз атынан құттықтау хаттар мен «Кітап-AMANAT» жобасы аясында танымал авторлардың кітаптарын табыстады. Өз кезегінде мереке иелері еңбектерін елеусіз қалдырмай, құрметтеп жатқандарына алғысын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді. Марапаттау рәсімінен соң тілшілер қызмет жолдарының қызығы мен шыжығын айтып, естеліктерімен бөлісіп, кездесуді қорытындылады.
Гүлжазира Асу,
Шыңғырлау ауданы