Әр ұлтты өзгеден ерекше көрсетіп тұратын факторлардың бірі, ол - ұлттық киім. Сондықтан да оны тек мейрамдарда ғана емес, күнделікті өмірде киіп жүргеніміз дұрыс деп есептеймін. Өйткені көздің жауын алатын, оюы төгілген камзол мен шапан, бүрмелі көйлек пен әшекейі, көз тартар үкілі сәукеле ұлттық киімімізге тек сән беріп қана қоймай, патриоттық рухымызды көтере түсуге септігін тигізеді.
«Өскелең ұрпаққа керемет тәрбие беретін, міне, біздер. Сондықтан да қазіргі кезде ұлттық киім киетін адамдар азайып кетті. Әр түрлі жиындарға киіп барсаң, өте керемет емес пе?!. Қазақы камзолдар, шапандар оның ішінде сырмалы шапан, қаптал шапан, қималы шапан деп бөлінеді екен қазақтарда және тақия. Қарап отырсаңыздар қазіргі кезде тақияныда әдемі бағытта шығарып жатыр емес пе?!. Балдарымды да, немерелерімді де ұлттық киімді киюге үйретіп жүрмін. Қазіргі жастарға айтсаң, «ой, бұларың не?» деп шығатыны белгілі. Қазақы киімдердің бұйымдарын айтсаңызшы. Сырғаларымыз құлақтан сыңғырлап, шашымызға шашбауымызды тағып, мойынымызға алқамызды тағып жүрсек, өте әдемі көрінбейді ме?!. Қазақтың ұлттық киімдерін тек мейрамдарда кимей, күнделікті күндерде киіп жүрсек, нұр үстіне нұр болар еді. Өз басым әр барған жиыныма камзолымызды киіп, құлағыма сырғамды, басыма орамалымды тағып барамын. Қазақтың ұлттық киімін күнделікті киіп жүрсек, қандай әдемі болар едік. Балаларымызды да сол бағытта итермелесек, өте жақсы іс тындырарымыз ақиқат. Барлық ұлттарға өнеге болсын деген ниетпен, осындай керемет қазақи дәстүрімізді сақтап, киім киіп жүрген жақсы деп ойлаймын», - деді Гүлбаршын Бермұқанова.
Қазақ түркі тектес халық болғанымен, өзінің киім үлгісі ерекше дамыған. Әр киімнің әр жаста киілетін және өз орны бар. Қазіргі таңда күнделікті кимесек те, өз маңызын сақтап отырған ұлттық киімдерімізді құрметтегеніміз абзал. Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына Қазақ халқының киімдерінде қаншама жылдардың көшпелі, көркем өнеркәсіптік жетістіктері мен негізгі принциптері жинақталған. Бұрынғы заманда сәбидің, қыз баланың, сал-серілердің бас киіміне үкі қадайтыны сол кезеңдерде туған дәстүр. Бұл қадам жын-перілерден, пәле-жаладан, тіл-көзден сақтайды деп сенген екен бабаларымыз. Қыздар шашын көбіне қос бұрым етіп өріп, бас киімсіз-ақ жүре беретін болса, әйел тұрмыс құрған соң ақсаңнан тігілетін кеудесін, иығын, жон арқасын жауып тұратын, жақтауы мен өңірі тамақ жағы кестеленген кимешек киген. Қазіргі кезде қазақи киім киіп жүрген адамды көрмейсің. Сондай тәрбиені өзімізден бастаған жөн. Қазақы киімдер ішінде қазіргі заманға сай шығып жатқан киімдерімізде бар емес пе?. Қыз балаларға арналған арнайы тақияларымыз шығып жатыр. Ер адамдарымызға қазақи оюмен безендірілген бешпеттерімізде бар. Және әйел адамдарымызға арналған оюмен безендерілген көйлектеріміз де киім дүкендерінде қаз-қатар тізіліп тұр. Қазіргі заманның талабына сай шығып жатқан киімдерімізді киіп, оларды жастарға үлгі етіп көрсетіп жүрсек, өте әдемі болар еді. Ұлттық киім – бай тарихи-мәдени мұра. Оны зерттеу бізді өткен ғасырлардағы әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халықтың хал-ахуалынан жан-жақты хабардар етеді. Ол - бізге жеткен материалдық мәдениеттің жетістігі. Мағынасы кең, бағасы асыл киім-кешектерімізді өсіп келе жатқан жас ұрпаққа өзгеріссіз жеткізе білетін, егеменді еліміздің мерейін үстем етіп, тәлімі мен тағылымы мол, асулардан алқынбай асатынына сеніміміз кәміл», - деді ауыл тұрғыны Замира Құлышмановна
«Өз басым қазақы киімдерге қызығушылығым басым. Қазақы киімді қазіргі кезде көптеген дизайнерлер ұлттық нақышта безендірілген бағытта киім тігумен айналысып жүр. Бірақ ол үшін де қалтаңдағы ақша да қолжетімді болу керек. Баяғы заманның қазақтары киген желбегей бешпет пен қапсырма шапанды, қабадай қалпақты, сүйретілген қосетек көйлекті мына заманның адамдарын қыспаққа алсаң да кигізе алмайсың. Өйткені тұрмысқа қолайсыз. Кестеленген шапандар мен қалпақтар, бешпет, көкірекше-кеудешелер көбінесе қолдан-қолға өтіп, той аралап жүріп сый-сияпат бұйымдарының немесе сахна киімдері түрінде ғана қолданады. Кейбір аймақтарда жекелеген ата-апаларымыз кимесе, күнделікті тұрмыста ұлттық киім киген адамдарды сирек кездестіресіз. Қазір дизайнерлер сәнінің бағыты өзгерді. Бұрын қазақы ою-өрнек салынған киімдер тек қазақтың той-томалағында пакетке салынып, қолдан қолға өтіп жүретін. Қазіргі кезде көптеген дизайнер қазақы нақыштағы киімдер тігіп жатыр деп ойламын», - деді Клара Бекесова.
Мақаламызды түйіндей келе тек наурыз мерекесінде ғана емес, жыл он екі ай ұлттық киімге түбегейлі бет бұрсақ деген ой тастағымыз келеді оқырманға. Сіздің де айтарыңыз болса, редакциямыздың почтасына пікіріңізді жолдаңыз. Президентіміз айтқандай, болашақта түгелдей ұлттық киім мен ұлттық нақыштағы бұйымдарға әуестенсек, болашағымыздың жарқын болатынына сеніміміз артар еді.
Назерке Шайхоллақызы,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz