17.02.2022, 17:00
Оқылды: 61

Ұлттық құндылықтар дәріптелмек

Жақында Шыңғырлау ауданында «Ұлттық құндылықтар - ұлт қазынасы» жобасы аясында ұлттық мұрамызды ұлықтау, отбасылық дәстүрді жастарға мансұқтау, ізгі істерді үйрету мақсатында бірнеше бағытта жұмыс атқаратын клуб ашылды. Жастар мен үлкендердің бастарын түйістіріп, ұлтымыздың салт-дәстүрін ұрпаққа өнеге етер «Асыл мұра» клубы аудан көлемінде игілікті істер атқармақ. Шараға Батыс Қазақстан облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің кеңесшісі Айбек Акмалиев арнайы келіп қатысып, игі тілегін білдірді. Клубтың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Азамат Бейсембаев сөз сөйлеп, аудан халқы үшін маңызды да мәні зор клубтың жұмысына сәттілік тіледі.

IMG_8248 (1)

Ақсақалды аталарымыз «Асыл мұра» клубында өскелең ұрпақты өнегеге баулыса, бұған дейін де ауданымызда ұлттық қазынамызды нақыштап, жерлестерін ән-жырмен сусындатып жүрген «Асыл әжелер» клубы жас келіндерге сабақ бермек. Ал отбасылық өмірге қадам басқан жас келіндер отбасы құндылығын сақтау және дәріптеу мақсатында «Айнамкөз» клубына қатысатын болады. Тағам мәзірін әзірлеу, жүн иіру, тоқыма өнерімен де осы жерде таныспақ.

IMG_8047

Салтанатты ашылу рәсімінде лента қиылып, шашу шашылды. Қонақтарға жас келіндер иіліп, сәлем етті. Шара соңында ақжаулықты әже Талшын Тажкенова келіндерге ақ орамал сыйға тартса, ауыл ақсақалы Сабыр Сәмиев жиналғандарға бата берді. Мәдениет саласының басшылары және мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастырумен ашылған жаңа клуб жұмысы ырғақты жүріп, жас ұрпақтың өнеге алар нағыз мектебі болсын деп тілейміз!

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале