24.01.2025, 17:38
Оқылды: 123

Ұлттық құндылықты насихаттады

Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, рухы мықты болуға тәрбиелеу, санамызға ұлтымыздың салт-дәстүрін сіңіру — біздің басты міндетіміз.

IMG-20250124-WA0052

Сан алуан қазақи ою-өрнекпен өрнектелген ұлттық тақия, тымақ, шапан, бешпет, кәзекей, комзол, көйлек кию күнделікті тұрмысымыздың ажырамас бір бөлігі болғаны дұрыс.

Жуырда әлеуметтік желіден Бірікке Араб Әмірліктеріне барған қаракөз қандастарымыз көпшілік жүретін жерде қазақтың ұлттық киімдерін киіп, шетел елдерден келген өзге ұлттарды тамсандырғанын көрдік.

Жалпы қазақи болмысымызды кеңінен насихаттағанымыз дұрыс-ау?! Соның бір көрінісі — ұлттық киімдерімізді кию. Осы бір керемет үрдісті қолдап, қазақи ұлттық киім киюде бастама көтеріп жатқан ұжым туралы жазуды жөн санадық.

Бұл игі бастаманы көтерген Казталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ынтымағы жарасқан ұжымы.

Ұжым қызметкерлері ақылдаса келе, әр аптаның жұма күні жұмыс орнына ұлттық оюлармен өрнектелген киімдер киіп келуді бірауыздан қолдаған.

Әр маман өзінің қызмет орнында, кабинетінде ұлттық құндылығымызды насихаттап, әдемі қазақи үлгіде тігілген пешпет, камзол, кәзекей киіп отырады.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале