Жәнібек ауданының жұртшылығы ұлттық мереке Республика күнін атап өтті.

Аудан орталығындағы Тәуелсіздік алаңында мемлекеттік гимн орындалып, көк Туымыз көтерілді. Алаңға жиналған тұрғындар орталық алаңда аудан өнерпаздары ұсынған мерекелік концертті тамашалады.

Сонымен қатар, алаңда орын тапқан ауыл шаруашылық жәрмеңкесінен ет, балық, бау-бақша өнімдерін сатып алды. Ауыл тұрғындары спорттық ойындардан да қалыс қалмады.

Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы,
zhaikpress.kz