Шыңғырлау ауданына Оралдағы «Мария ханым» сән үйінен Зухра Испаева қонақ болып келді.
Келе жатқан Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында өткізіліп жатқан шараларға қатысып, кештерде жиналған қыз-келіншектерге кәсіби кеңестер беріп, сән бойынша сырын бөлісті.
Бұл - аталмыш мейрамда әйелдер қауымына тамаша, мерекелік көңіл күй сыйлады. «Әлем сұлу әйелменен» атты салтанатты шарада Зухра Испаева сән үйінің ұлттық нақыштағы сәнді киімдерінің топтамасын ұсынды.
Көрермен әсем көрініске тәнті болып, қошеметтерін жаудырып отырды. Кеш жүргізушілері мен ұйымдастырушыларына да ұсынған киімдері тартымды болып, көздің жауын алып тұрды. Бұл «Мария ханым» сән үйінің он саусағынан өнер тамған шеберлерінің алғашқы келуі емес. Бұған дейін де олар Шыңғырлау ауданына келіп, қадірлі қонақ болып жүр. Қай кезде де бос келмей, жаңа топтамаларымен келіп бір таң қалдырып кетеді.
Гүлжазира Асу,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz