12.05.2023, 9:45
Оқылды: 24

Ұлттық ойын ойнады

Бәйтеректік өнерпаздардың «Туған жерім – тұғырым» концерті басталмас бұрын «Атамекен» өнер ордасының алдында асық ату, қол күресі, арқан тартыс, ләңгі тебу сынды ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2023-05-11 at 17.08.54

Арқан тартысқа үш команда қатысты. Әсіресе бәйтеректіктер мен оралдықтардың бәсекесі қызықты болды. Нәтижесінде қалалық жігіттер ешкімге дес берген жоқ. Жерлестеріміз бен жалпақталдықтар қалған жүлделі орындарды өзара бөлісті.

WhatsApp Image 2023-05-11 at 17.08.55

Ал соңғы уақытта ел арасында көп ойналмай, ұмыт болып бара жатқан ләңгі ойыны қатысушылар үшін оңайға соқпады. Дегенмен бұл ойын түрінен бақ сынап көруге ынта білдіргендер де аз болмады. Сайыс қорытындысында, Тайпақ ауылынан келген Жүсіп Ақнажімов жеңімпаз атанды. Жалпақталдық Ақтілек Бақтығалиев 2-орынға лайық деп танылса, Орал қаласының тумасы Елнұр Ізтілеуов 3-орынға ие болды.

IMG_20230512_014422_642

Асық ату ойынында Бәйтерек ауданы Егіндібұлақ ауылының балаларына ешкім теңесе алмады. Атап айтсақ, 5-сынып оқушысы Аян Серікқали мен 4-сынып оқушылары Ұлан Марат мықтылығымен көзге түсті. Жетекшісінің сөзінше, бұл балақайлар асық атудан облыстық сайыстың жеңімпаздары.

WhatsApp Image 2023-05-11 at 17.08.53 (1)

Жарыс соңында жеңімпаздарға естелік сыйлықтар берілді.

 

Нұрсәуле Әбілпейсова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале