13.04.2017, 12:33
Оқылды: 53

«Ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс»

????????????????????????????????????

    Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көрген болатын. 


         Бұл мақалада Елбасы тұтас қоғамның және әрбір қа­зақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудың бір­неше бағы­ттарын атап өтті.Солардың бірі - Ұлттық бірегейлікті сақтау.«Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», деген болатын Президентіміз. Сонымен бірге жаңғыру ұғымының өзі мей­лін­ше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу керектігін айтты. Көшбасшымыз қазақ­стан­дық­­тардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалайтынын жеткізді. «Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» деген сөздері әрбір қазақстандықтарға бағытталады деп есептеймін.

Думан Ғазез,

«Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық

филиалы төрағасының бірінші орынбасары

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале