Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.
Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды игіліктердің бірі – ұлттық ойындар. Бүгінде адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан - жай емес. Наурызнаманың жетінші күні - Ұлттық спорт күні. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бақ – мерекем, құт-берекем Әз-Наурыз!» атты этносағат ұйымдастырылды.
Тағылымдық кешке әр топтағы оқырмандар, спортшылар,студенттер, оқушылар, аудандық тарихи- өлкетану музей ұжымы қатысты.
Шара барысында ауыл үлкені Сейілхан ақсақал наурыз бата берсе, көкпаршы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бекболат Файзуллин салт-дәстүріміз бен ұлттық ойындарымыз жайында әңгіме өрбітті. Спорт түрлерін айтып, көкпар ойыны, жылқы баптау бойынша ақпараттар беріп өтті.
Ораз Жупиев, Амангелді Самаев қамшы өру, жасау әдісімен, түрлерін оқырмандарға түсіндіріп жас палуан Алинұрға жүген сыйға тартты. Ұлттық ойындар - асық ату ойыны, арқан тарту, қол күрес өткізілді. Шара соңында «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» кітап көрмесіне шолу жасалып,
оқырманға ұлттық тағамдар ұсынылды.
Гүлбаршын Айжарықова,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz