20.03.2024, 16:45
Оқылды: 50

Ұлттық спорт ойындарынан жарыс өтті

Бүгін Казталов ауданы орталығындағы «Достық» саябағында еліміз бойынша бекітілген «Наурызнама» онкүндігі аясында «Ұлтттық» спорт күніне орай аудандық «Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен ауыл тұрғындары арасында арқан тартыс, ләңгі тебу, гір тасын көтеру ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті.

image-20-03-24-03-49-1

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов ауыл тұрғындарын Ұлыстың ұлы күні мерекесімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ұлттық спорт түрлерінен Казталов ауыл тұрғындары арасында арқан тартыстан аудандық полиция бөлімі І орын, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ІІ орын, Казталов аудандық орталық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі ІІІ орынды иеленді.

image-20-03-24-03-49

Ал гір көтеру бойынша жүлделі І орынды Әскербек Төлемісов иеленсе, ІІ орынды Мейрам Гиляжев, ІІІ орынды Еламан Сағатұлы місе тұтты. Ұмтылып бара жатқан «ләңгі тебу» жарысында Сержан Лұқпанов І орын, Ержан Жұмалы ІІ орын, Жүніс Джолдыбаев ІІІ орынды иеленді.

Спорттық додаға қатысқан жеңімпаздарға ұйымдастыру алқасы дайындаған арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

Гүлнұр Бөлешова,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале