Казталов ауданында ат спортын дамытуға үлес қосқандар марапатталды.
Салтанатты іс-шарада «Назқасқа» атты құнан иесі Бексұлтан Ибатов «Ең үздік құнан», «Байрақ» атты сәйгүлік иесі Миржас Төлегенов пен «Ақмаңдай» атты тұлпар иесі Бексұлтан Ибатов «Ең үздік аламан», «Мақпал қара» атты арғымақтың иесі Нариман Нәсіпқалиев «Ең үздік тай» аталымы бойынша марапатталды. Ершат Омарғалиев «Ең үздік шабандоз», Бекзат Омарғалиев «Ең үздік бапкер» атанды. Ат спортына демеушілік жасап жүрген бір топ азаматқа алғысхаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
zhaikpress.kz