Президенттің бүгінгі Жолдауы Жаңа Қазақстан құрудағы саяси жаңғыру бағдарын айқындап берді.
Президент өкілеттігін реттеу, өкілді билік тармағын қайта құру, Парламент палаталарындағы депутаттар санын оңтайландыру, жоғары аудиторлық Палата құру, сайлау жүйесін жетілдіріп, мажоритарлық жүйені енгізу, партия құру талаптарын өзгерту, сайлау өткізу тәртібін жаңғырту, сайлаушылардың бірыңғай электронды жүйесін құру, құқық қорғау институтын күшейту сияқты нақты шешімдер ұсынылды.
Жолдаудың қазақстан халқы үшін ең маңызды тұсы жаңадан Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының құрылуы. Бұл өз кезегінде экономикалық дамуға жол ашатын, сол өңір халқының өсіп-өркендеуіне қарқынды серпін беретін игі бастама. Ұлттың рухын асқақтататын атауларды ұсыну өте дәлдікпен жасалған тарихи шешім деп ойлаймын.
Нұржан Дүзбатыр,
Бәйтерек аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы