Ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды дәріптеуді мақсат еткен, жақында ғана тұсауы кесілген «Наз» Жәнібек аудандық келіндер отауының мүшелері де маңызды саяси науқаннан сырт қалмай, референдум учаскелеріне келіп өз таңдауларын жасады.

Аудан келіндері елдің бірлігі мен берекесін сақтап, ұлттық құндылықтарды насихаттауды басты міндет санайды. Жас келіндерден құралған ұйым мүшелері бұл жолы да белсенділік танытып, ел болашағы үшін маңызды шешім қабылданатын сәтте азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.
Арай Сейфолла,
Жәнібек ауданы
