2.07.2021, 9:38
Оқылды: 63

Ұлттың ұлы тұмары - Тәуелсіздік

Тәуелсіздік жолындағы ата-баба ерлігін паш ету, көпшілікке Желтоқсан көтерілісінің қатысушылары мен куәгерлерінің ерлігін көрсету, кейінгі ұрпақты елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге шақыруымыз керек.

532F7BFE-D50D-4055-AD75-5D183DF08507

Биыл еліміз Тәуелсіздік бесігінде тербелгеніне 30 жыл. Осы атаулы датаға орай Дариян және Озерный ауылдық кітапханашылары «Тәуелсіздік  -  елімнің ерлік жолы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оған ауылдық округ әкімі Тілек Кәкенов, тұрғындар мен оқырмандар қатысты.

-Тәуелсіздік – бабалар аңсаған ұрпақтың қолы жеткен киелі ұғым. 30 жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес ел болды. 1986 жылғы желтоқсанның желі мен ызғарына, екпіндеп соққан солдаттардың тепкісіне қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерлігінің арқасында елдің көзі ашылса, 1991 жылы 16 – желтоқсанда тәуелсіздігімізді алдық. Осы 30 жыл ішінде салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы дамыған, әлем таныған мемлекет болып қалыптастық. Сонау қазақ хандығынан бастап егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан, атадан тараған ұрпақтың парызы – Отанды қастерлеп өту. Бұл Тәуелсіздік бізге ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келгенін сезіну керекпіз,-деді жиынды ашып жүргізген Дариян ауылдық кітапхана меңгерушісі Шолпан Сұлтанғалиева.

BE6AA99B-AB54-444B-9B4A-6BC2A829DF46

Әрі қарай сөз кезегін алған Дариян ауылдық округінің әкімі Тілек Кәкенов тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістігі мен болашаққа нық қадам басқан мемлекетіміздің болашағы жақын екенін айтса, «Арна» әйелдер кеңесінің мүшесі Рахиля Бабақожақызы мен М.Шолохов атындағы мұражайдың меңгерушісі Антонина Пудова да пікірлерін ортаға салды.

Басқосудың соңында Озерный ауылының кітапханашысы Мария Еременко айтулы жылға арнайы жасақталған кітап көрмесін таныстырды.

          Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале