30.10.2025, 19:00
Оқылды: 158

Ұлы күйшінің ұлағаты ұрпаққа үлгі

Күйші, композитор Дәулеткерей Шығайұлының 205 жылдығына орай жасөспірімдер арасында «Дала сазы» облыстық домбырашылар байқауы өз мәресіне жетті.  Үлгілі “Гүлдәурен” би ансамблі  “Шаттық отаны” биімен түстен кейін оздырылған 2 -кезеңнің шымылдығын ашты.
image-30-10-25-06-37-1
Қатысушылар дүлдүл күйшінің “Кероғлы” және өз таңдауындағы күйін және қазақ композиторларының күйінен өз қалауын орындады. Жарыс барысында жас домбырашылардың күй өнерін меңгеруі, сахна мәдениеті және талғамы мен танымына аса назар аударылды. Әрі қарай, аудан басшысы Алпамыс Жаңабайұлының атынан жас өнерпаздарға ықылас гүлі мен алғысхаттар және естелік сыйлықтар табыс етілді. Байқау қорытындысы бойынша 20 мың теңгелік ақшалай сыйлық пен алғысхат Темірлан Самарханға (Казталов ауданы Казталов балалар музыка мектебі), Кәусар Борисоваға (Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің Дариян балалар музыка мектебі), Наз Сарсеноваға (Тасқала ауданы) табысталды. Дипломант аталымы мен 30мың теңгелік сертификатқа Аңсар Самиғолла лайық деп танылса, жаңақалалық Бекзат Сарсенбиевке, Айзере Жамбылға (Орал қаласы Д.Нұрпейісова атындағы БММ (1 филиал), Буранбай Ибраһимге (Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің Дариян балалар музыка мектебі) 3 -орын және 50 мың теңге ұсынылды. Ербол Сертеков (Бөкей Ордасы ауданы білім беру бөлімінің балалар музыка мектебі) пен Алина Мергенғали (Жаңақала аудандық Қали Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебі) 2 -орынға ие болып, 70 мың теңге қаржылай сертификаттың жеңімпазы атанды. Ерқанат Дәуренұлы (Орал қаласы Д.Нұрпейісова атындағы балалар музыкалық мектебі) 1-орын жүлдегері атанып, 100 мың теңгенің иесі атанды. Сондай-ақ, алғырлығы мен өнерін қатар алып жүрген Адема Адиева  (Орал қаласы Д.Нұрпейісова атындағы балалар музыкалық мектебі) бас жүлдеге лайық деп танылып, 150 мың теңге ақшалай сыйақы ұтып алды.
image-30-10-25-06-37
Өнер жолында күй өнерін шалықтатып, шабыты шалқып жүрген жас өрендерді марапаттарымен құттықтаймыз.
Ақерке Ғилымхан,
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале