6.05.2025, 22:00
Оқылды: 189

Ұлы Жеңіс қарсаңында казталовтық тыл ардагерлері марапатталды

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Жалпақтал ауылында тұратын бір топ тыл ардагерлері Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі жарлығы бойнша «Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 80 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

IMG_6631

Наградталғандардың арасында Жеңісті жақындатуға сүбелі үлес қосқан жерлестеріміз Айтжанов Бисенғали, Қабдығалиева Күнсұлу, Иманғалиева Клара, Молдағалиева Үміт, Мақсотов Науан, Рахатова Мәлика, Төреғалиев Мұса, Кереева Айман, Тасыбаева Уәсила, Сариев Мазғұт, Шакирова Марфуға бар.

IMG_6636
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің атынан жолданған мерекелік медалді Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Ғаділбек Әлібеков және ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ғилым Едекешев табыс етті.

IMG_6631
Марапаттарыңыз құтты болсын, құрметті тыл ардагерлері.

Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале