28.01.2020, 10:28
Оқылды: 14

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ардагерлер ұрпақтарымен кездесу өтті

Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына биыл 75 жыл толады. 1941 жылдың 22 маусымында басталған сұрапыл соғыс талай жанға ауыр тиді.

qaztalov (1)

Жеңіс - қанды шайқаста арпалысқан ата-бабаларымыздың жемісі десек, олардың теңдесі жоқ ерліктері санада жаңғырып келеді. Бір өкініштісі, бүгінде сол қайсар қарияларымыздың қатары азайып барады. Батыр бабаларымыздың қатары сирегенімен, олардың ұрпақтары ортамызда. Зұлмат соғысқа Казталов ауданынан 7 591 адам қатысса, соның 4 034-і елге жеңіспен оралған.

qaztalov (4)

Аудандық тарихи-өлкетану музейінде "Ер есімі - ел ісінде" атты ардагерлерге арналған шара өтті. Бір ерекшелігі, жылы жүздесуге ардагерлердің ұрпақтары шақырылып, құрметтелді. Шарада сөз алған майдангерлердің ұрпақтары аталарының зобалаң жылдарда бастан кешкен қиын сәттерін әңгімеледі.

qaztalov (5)

Қан майданнан елге аман оралған ардагер Харес Тоясовтың ұлы Марат Тоясов әкесімен майдандас болған ардагердің "Егемен қазақстан" газетіне іздеу салып, Харес Тоясов екеуінің шайқастағы жан қиярлық жәйттер жөнінде мақала жариялағанын айтады.

Кездесу соңында қонақтар музей ұжымына алғыс айтты.

Әсем Болат

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале