22.10.2022, 21:11
Оқылды: 16

Ұлықталған ұлттық мереке

Биыл еліміз 13 жылдан соң қайта жаңғырған 25 қазан – Республика күнін атап өтуде. 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің №307-ХІІ жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған болатын. 1995 жылы дәл осы күн алғаш рет мемлекеттік мереке болып жарияланды. Бұл мереке 2009 жылы атаулы күндер қатарынан алынып тасталғанымен, биылғы 16 шілдеде өткен Ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынып, биылдан бастап мереке өз дәрежесінде аталып өтілетін болды.

1D692C11-0CCA-4CC2-ACB0-E2723C2C0E18

Айтулы күнге орай бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында «Алтын діңгек – туған жер!» атты мерекелік концерт өтті. Салтанатты кеште алдымен әнұран шырқалып, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетілді.

7DC4D24F-106E-4A66-BE81-A733A20E02A8

Аудан әкімі Дархан Закарин Республика күнімен құттықтап, ауылымыздың өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне алғысхат табыстады. Әрі қарай балалар хоры бала кездің естелігіндей болған «Туған ел» әнін көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, ерекше орындап шықты.

04E668B4-7532-4C3E-8B92-B6A4B897D481

Сонымен қатар үлгілі «Гүлдәурен» би ансамблінің бишілері мың бұрала билеп, халықтық «Айзере» әжелер ансамблі әуезді әуендерін шырқап, құлақтың құрышын қандырды. Аудандық Қали Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің өнерпаздары мен мәдени-демалыс орталығының қызметкерлері де кешті әнмен әрлеп, күймен көмкерді.

Нұргүл Елтайқызы, 

Жаңақала ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале