Бүгін Жаңақала желілік-өндірістік басқармасы Наурыз мерекесіне орай мерекелік шара ұйымдастырды. Алдымен мекеме қонақ үйінің алдында ер-азаматтар ұлттық спорт түрлерінен, яғни ләңгі тебу, қол күресі мен арқан тартыстан сынға түсті.
Шараның екінші бөлімі ғимарат ішінде жалғасын тапты. Оған сала ардагерлері қонақ ретінде арнайы шақырылды.
ЖӨБ басшысы Айдарбек Таңатаров мерекелік құттықтауын жолдаған соң «Қыз ұзату», «Келін түсіру», «Бесікке салу» және «Тұсаукесер» рәсімдері көрермен назарына ұсынылды.
Сондай-ақ ән де айтылып, күй де шертілді.
Бірнеше салт-дәстүрді бір шарада тоғыстырған ұжым ұлттық құндылықтарымызды, халықтық сипаттағы қасиеттерді көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлай білді. Кеш соңында жоғарыда айтып өткен ұлттық ойындардың жүлдегерлері марапатталып, арнайы диплом мен қаржылай сыйлық табыс етілді.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы