22.03.2026, 16:51
Оқылды: 5

Ұлыстың ұлы күні Жымпитыда сәби дүние есігін ашты

Сырым аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөлімі қызметін қайта бастағанына көп уақыт бола қоймады.

photo-output

Аурухана директоры Елдос Мағзомовтың айтқанындай, бөлім мақсатты түрде жабылмаған, тек маман болмауына байланысты уақытша жұмысы тоқтады.

Дегенмен, ауданның басынан ана мен баланың бабы табылып, жүкті әйелдер тегін тексеріліп, мамандардың қолында жеңілдеп жатқаны – аудан медицинасының жаңа белесі ретінде бағаланып отыр. Бұл халықты әбігер мен уайымнан құтқаруда. Әрі Жымпиты ауруханасының дәлізінен сәбидің іңгәсі естілмегеніне оншақты жыл болып қалған шығар. Одан көп болмаса.

22 наурыз күні Жымпитыдағы аудандық ауруханада тағы бір сәби дүниеге келіп, тағы бір жас шаңырақ шаттыққа бөленді.

- Дәрігер-гинеколог Акулпан Муслимқызы мен акушер Лунара Ғабитқызы өз міндеттерін жоғары деңгейде атқарып, аман-есен ұл баланың өмірге келуіне себепкер болды.
Қазіргі уақытта ана мен сәбидің жағдайы жақсы, дәрігерлердің бақылауында, - деп жазады аудандық аурухана желідегі парақшасына.

Бауың берік болсын, батыр!

Б. Шерім
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале