Алматыда «Қазақстан Халық банкі» Акционерлік қоғамының демеушілігі арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық баскетбол федерациясы ұйымдастырған балалар мен мектеп-интернаттарды қолдау орталықтарының ұлдары мен қыздары арасында баскетболдан «Үміт кубогі» атты ел чемпионаты өтті.
Оралдан сайысқа шыққан команда құрамында отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері, Бөрлі колледжінің студенттері Валентин Федотов, Алексей Сошин, Олег Солдаткиндар қатысып келді. Өмірдің қиын жағдайына тап болған жасөспірімдерге білікті ұстаздар мен психологтар, әлеуметтік педагогтар тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп келеді. Алматыға барғанда жасөспірімдерге жетекшілік жасаған Балалар ауылы директорының орынбасары Зүлфия Муканова сапар сәтті өткенін, балалар мол әсер алғанын айтты.
Турнирдің жабылу салтанатына Ұлттық баскетбол федерациясының бас хатшысы Алмас Ұзақов, баскетболдан мемлекеттік жаттықтырушы Иван Гайна, баскетболдан чемпионаттар департаментінің орынбасары Марат Шәкіров қатысып, дипломдар мен сыйлықтарын табыстады.
«Үміт кубогі» әр жеткіншекке үміт отын сыйлап, болашақтары өз қолдарында екенін білдірді.
Нұргүл Қуанова,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz