Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Қайырымдылық айлығы аясында Сырым аудандық үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің ұйымдастыруымен "Қазақтың ұлттық ойындары" атты шара өтті.
Шара барысында ұмыт бола бастаған ұлттық ойындар туралы түсінік беріліп, "Бес тас", "Асық ату", "Соқыр теке", "Ұшты-ұшты", "Сақина салу" сияқты ұлттық ойындар ойналды. Ән айтылып, би биленді. Ойынға белсене қатысқан қатысушылар алғысхаттарға ие болды.
Шара соңында "Алаша" кафесінің иесі Тәттім Халықова тәтті үстел әзірлеп, жеке кәсіпкер Гүлфия Нығметова естелік сыйлықтарымен қуантты.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz