3.09.2021, 17:24
Оқылды: 58

Ұмытыла бастаған кəсіпті жандандырған

Қамшы – ер жабдықтары ішіндегі ажырамас бөлігі және көнеден келе жатқан құралдардың бірі. Қамшы өрушілер қашан да болған. Қазір қайыстан қамшы өріп баба өнерді серік еткендер некен саяқ. Тіпті жоқтың қасы деп айтуға болады. Дегенмен баба мұрасын сақтап қазірге жеткізгендері жоқ емес. Əсіресе атадан қалған кəсіпті үйреніп қамшы жасап, ноқта тоқып жүрген жас жеткіншек Казталов ауданында бар екенін естігенде таңданысымызды жасырмадық.

6666666666666
Суреттегі кейіпкеріміз Бірік ауылдық округіне қарасты Əжібай ауылының тумасы, 7-сынып оқушысы Заңғар Есполатұлы Есполат. Ол қолы бос кезде қайыстан қамшы жасап, ноқта тоқуды шебері.
Үш атадан жылқы бағып, атакəсіпті жандандырған Бекжановтар əулетін жерлестеріміз жақсы біледі. Заңғар да осы əулеттің ұрпағы. Əкесі Есполат Ислямғалиұлы Бекжанов та ғұмырына жылқы бағуды кəсіп қылған азамат. Талай мəрте ағамыздың тулаған асауларға құрық салып, ауыздығын шайнаған қасиетті жануарды үйреткенін ауылдастары жыр қылып айтып жүреді.

55555
Осы бір жоғалып бара жатқан кəсіпті Заңғар əкесінен үйренгенін айтады. - Жаздай қырда əкемнің қасында жүріп, жылқы бағысамын. Сол жердегі ескі қамшы, ноқталарды көріп, қалай жасалады деп қызықтым. Əкем бір қамшыны өзі жасап көрсеткен болатын. Əкемнен үйреніп, өзім жасай бастадым. Қамшының түрі көп болады жəне қамшыны киелі деп санаған аталарымыз, - дейді жас жеткіншек.
Бір кездері жоғалып кете жаздаған қазақтың қамшы өру, қайыс илеу, жүген мен ноқта жасау сияқты қолөнері қайта жанданып келе жатқанына қуандық, жас жеткіншектің ісіне сүйсіндік.

 

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале