Жуырда Бәйтерек ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жанынан құрылған «Сырғалым» қыз - келіншектер клубы осындай атаумен сыр-сұхбат ұйымдастырды. Іс-шараға психоанализ бағытындағы психолог Ботагөз Тасеменова, аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының инспекторы, аға лейтенанты Балхия Құсайынова және оқырмандар қатысты.
Шарада адамзаттың өміріндегі көз қуанышы баласы, өсіріп отырған ұрпағының тәрбиесі талқыға түсті. Ата-ананың орнын ғаламтор немесе ұялы - телефон алмастырған жоқ па? Бүгінгі бала тәрбиесінде қандай қателіктер орын алып жүр? Балаларға жыныстық тәрбие беру қажет пе? Жасөспірімдер арасында қылмыс көбейген бе? Оның астары неде? Осы және өзге де сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбіп, түйткілді мәселелер туралы мамандар психология тұрғысынан өз тәжірибесімен бөлісті. Кітапхана оқырмандары да өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Сондай-ақ, кеш қонағы психолог Ботагөз Бисенғалиқызы кәде сый ретінде кітапханағабелгілі психолог Анна Құдиярованың «Үнсіз педофилия» атты кітабын сыйға тартып, «Сырғалым» клубының аудиториясы кеңейе берсін деген ниетін білдірді. Ауылдың қыз - келіншектерінің басын қосқан бұл шараға келген оқырмандар да сыр-сұхбаттан ерекше әсерменқайтты.
Фарида Азбантаева,
Бәйтерек аудандық ОКЖ библиографы