20.11.2024, 17:10
Оқылды: 27

«Ұрпақ тәрбиесіне ерекше ден қойған»

Жәнібек ауданы орталығындағы №1 мектеп-лицейінде «Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігінің қатысуымен 9-10-сынып оқушылары арасында кездесу кеші өтті. 

image-20-11-24-01-10-4

Шара барысында қатысушылар ой-пікір бөлісіп, ашық әңгіме айтылды.

Қоғамдық кеңестің мүшесі Гүлзия Хамиева сөз алып қыз тәрбиесіне тоқталды:

- Қызға қырық үйден тыйым салудың мәні не? Ұрпақ тәрбиесіне ерекше ден қойған қазақ халқы қыз балаға ертең ибалы келін, одан соң абзал ана атанасың деп, оған бала кезден ұлтымызға тән асыл қасиеттерді бойына дарытуға, ана тілі мен салт-дәстүрімізді үйретуге үлкен мән берген. Қазақ қыз баланы бетінен қақпай, қонақ санап, аялаған. Жалпы қыз баласы жан сұлулығын сыртқа көрсете бермейді тек оны сезіне білу керек, тек онымен араласып, сөйлескенде ғана көріне бастайды. Адамзат баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеті, қайырымдылығы, адалдығы және әдігімен ардақталады, - деді.

image-20-11-24-01-10-3

Кеш барысында «Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы  Ғалия Елемесова қыз тәрбиесіне қатысты көптеген өзекті сұраққа жауап беріп, қыздарымызды ұлттық құндылықтарымызды ұмытпауға, ата-ананы құрметтеуге, әдеп пен инабаттылықты ту етіп ұстауға шақырды.

Ал Гүлзина Ғұсманова бос уақытты тиімді ұйымдастырудың жолдары, армандаудың маңызы, әр іс-әрекетке үміт және жақсылықпен қарауды түсіндірді.

image-20-11-24-01-10-1

Одан кейін аталған мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлсезім Мақсотова:

«Кітап – рухани сарқылмас қазына. Ғалымдар ақыл-ойды ұзақ уақыт сақтап қалу үшін, миды жаттықтырып отыру керек деп кеңес береді. Жалпы, кітап өткір және ұтқыр ойлауға, логиканы дамытуға көмегін тигізеді. Сонымен бірге адамның рухани дамуы мен жақсы жаққа өзгеруіне ықпал етеді. Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей», - деп қыздарды кітап оқуға шақырды.

Шара соңында көңілді тренинг өткізіліп, қыздарымызға әдемі сөйлеу, кітап оқу, үздіксіз іздену, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету секілді ұлағаттар айтылды.

 

Бану Берікқали 

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале