1.06.2021, 23:07
Оқылды: 31

Үш күнде - тоғыз науқас

Коронавирус кеселінің беті қайтар емес. Бөкей ордасы аудандық "Орда жұлдызы" газетінің өткен санында эпидемиологиялық ахуалдың қалыпты жағдайда  екенін жазып өткеніміз сол-ақ еді, соңғы үш күнде тағы тоғыз адамнан қауіпті жұқпаның белгілері анықталып, тиісті ем-шаралары жүргізілді.  Жалпы айтқанда мамыр айы бойына 21 адам коронавирус дертіне шалдыққан. Дәл қазіргі таңда жеті науқас ауруынан жазылып шықса,  14-і аудандық жұқпа бөлімінде ем алуда. Олармен қарым-қатынаста болған 77 адам оқшауландырылды. Науқастардың қатарында оқушы мен студент те бар.

5A7E2363-F817-4E62-9F97-493CB54A13C6

– Коронавирус дерті қайта бас көтерді. Аудан көлемінде қауіпті  дерттің өршуін тоқтату бойынша қауіпсіздік шараларын күшейту мәселесі  күн тәртібінен түспек емес. Эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандандыру тек сала мамандарына ғана қатысты емес, сіз бен біздің ортақ борышымыз, – деп пікір білдірді ауданның бас санитар дәрігері Светлана Рамазанова.

 Қоғамдық иммунитетті қалыптастырудың төте жолы  тиісті екпені алу екені анық. Айта кетелік, күні бүгінде  аудан бойынша 2280 адам екпе жасатқан. Екпенің І компонентін 1545 адам, ІІ компонентін 735 адам алып үлгерген.

Арайлым Марат,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале