15.06.2021, 21:54
Оқылды: 18

Үш тарап – бір мақсат

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында қылмыстық атқару жүйесін азаматтар үшін оңтайландыру мәселесін айтты.

5E15DD14-8602-4688-8FA9-3DA40CF90703

- Бірақ құқық қорғау жүйесінің жұмысында бұрынғы дағды бойынша айыптауға бейімділік басымдау болып тұр. Азаматтардың қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тартылатын жағдайлары да аз кездеспейді. Қылмысты анықтайтын жедел қызмет өкілдері мен процессуалдық шешім қабылдайтын тергеушілер қылмысты ашып, істі сотқа жіберуді басты мақсат санайтын бір басшының қарамағында бірге жұмыс істейді. Алайда көрсеткіш қуалау азаматтардың құқығы мен бостандығына нұқсан келтірмеуге тиіс! Прокурорлық қадағалауға келсек, бұл жұмыс үнемі кешеуілдеп жататынын көреміз. Прокурорлар істің мəн-жайы мен тек сотқа жіберер алдында ғана танысады. Бізге азаматтардың құқығын заманауи тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ететін жəне жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін үлгі керек. Қазақстанда өкілеттіктердің ара жігі нақты ажыратылған үш буынды модель құру керек деп санаймын. Полиция қылмысты анықтап, оған қатысы бар адамдарды тауып, айғақ жинап, оны тиянақтап беруге тиіс. Прокурор жиналған дəлелдемелерге тəуелсіз баға беруге, азаматтар құқығын бұзудың жолын кесуге, кінəсіз адамдардың қылмыс үдерісіне тартылуына жол бермеуге, сотта айыптау жағын қолдауға міндетті. – деп нақты айтқан еді Президент.

Бүгін Сырым аудандық полиция бөлімі бастығының тергеу ісі жөніндегі орынбасары Мақсат Төленов журналистер үшін баспасөз мәслихатын өткізіп, осы тапсырманың ауданда жүзеге асуы туралы баяндады. Орынбасардың айтуынша, Сырым аудандық полиция бөлімінде 2020 жылдың қыркүйегінен бері тіркелген істер жаңа жүйе негізінде тергеп-тексерілуде. Арызданушы, полиция және прокоратура органдары арасындағы үш буынды модель біріншіден тергеу жұмыстарының ашық, мөлдір болуына, екіншіден уақыт жағынан ұтуға мүмкіндік беруде. Қазіргі уақытта полиция бөліміндегі істің бәрі сандық форматқа көшкен. Сырым аудандық полиция бөліміндегі электронды қызметтің көлемі 97,7 пайызды құрап отыр. Бұл - облыс деңгейіндегі алдыңғы қатарлы көрсеткіш.

Ішкі істер саласының қызметін азаматтарға қолжетімді қылу мақсатында таяу арада Сырым аудандық полиция бөлімінің жанынан азаматтарды қабылдауға арналған фронт-кеңсе жұмысқа кіріспек.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале