12.11.2021, 16:35
Оқылды: 70

Үш жүзге ән оздырған сал Мұхит

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, әрі халық композиторы, әнші-ақын, елiмiздiң батыс өлкесiндегi ауызша-кәсiби әншiлiк мектептiң негiзiн қалаушы дарабоз өнер иесi Мұхит Мералыұлының 180 жылдығына орай   Сарыөмір ауылдық округінде «Мұхит жүрген сара жол»  атты жыр мен терме кеші өтті.

3

Кеш барысында ҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері,  «Мұхит» қорының директоры Сағадат Рахметжанов, ҚР  Мәдениеті саласының үздігі,«Құрмет» оденінің иегері Қайрат Кәкімов, Мұхит Мералыұлы және Ғарифолла Құрманғалиев атындағы республикалық конкурстың лауреаттары Дәурен Жұмағалиев пен Жеңіс Қайыров, Республикалық конкурстың дипломаты Кенесары Болғанбаев сынды өнер жұлдыздары Мұхит бабамыздың халық арасына кең тараған әндерін көрерменге тарту етті.

2

Көпшілікке тамаша көңіл күй сыйлаған өнер жұлдыздарына халықтың ықыласы ерекше болды.

Айта кетейік, дәл осындай концерттік бағдарлама Аңқаты, Подстепный округінде болды.

1

Өнерпаздарға Теректі аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Лунара Сердалиеваның алғыс хатын аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Арман Сағидоллин табыстады.

Мейрамгүл Сарсенғалиқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале