Қаратөбе ауданында Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзгеге асыру шараларына орай аудан активінің жиыны өтті.
Жиынды ашқан аудан әкімі Асхат Шахаров Елбасы Жолдауының басым бағыттарына тоқталды. «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали, Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің IY курс студенті Мұхтар Шайжановтар ағымдағы жылдың басты тарихи құжатының ерекшелігіне басымдық берді.
Еліміздің жаңаша дамуына жол ашар Жолдаудың басым бағыттары жөнінде тереңнен ой толғаған аудан басшысы Асхат Берлешұлы: «Елбасы Жолдауынан туындайтын маңызды шараларды жүзеге асыруда біздің алдымызда жаңа міндеттер тұр. Ол үшін біз ұзақ мерзімде орындалатын мемлекетіміздің болашақтағы дамуы бағытын күшейтуміз керек. Осыған орай, Жолдауда ұлттық саясаттың, экономиканың жаңа бір формулалары айқын көрініс тапты. Жолдауда айтылған басымдықтардың ойдағыдай жүзеге асуы бәрімізге тікелей байланысты», - деп жиынды қорытындылады.
Ертай БИМҰХАНОВ,
Қаратөбе ауданы