3.06.2020, 17:26
Оқылды: 46

Үштерек пен Масинде мектеп жөнделуде

Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлан Рахымжанов тиісті сала басшыларымен бірге Орда және Темір Масин ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барды.

DCE67AAD-F386-40C6-A11D-BF2B01747C57

Сапар барысында Орда ауылдық округіне қарасты Үштерек елді мекеніндегі бастауыш мектебінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу барысымен танысты.

CF95958B-6863-41B0-8CF9-BB255CCA0883

Жөндеу жұмысын «КАЗОКК» ЖШС жүргізуде. Жұмыс үш айға жоспарланған. Қарастырылған қаржы 23 млн. 673 мың теңгені құрайды.

9928B6BE-E443-4A66-911C-A2A8E0B5508D

"Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында бұл жұмысқа жергілікті жерден 3 адам жұмысқа тартылған. Сонымен қатар аудан басшысы осы елді мекендегі кітапханаға бас сұғып, жұмыстың жай-күйін білді. Алдағы уақытта бұл ғимарат та жөнделеді деп күтілуде. Т.Масин ауылдық округіндегі М.Бегалиева атындағы мектепке бас сұқты. Бұл мектепке "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жүргізілуде.

59D25A2B-D5B5-499D-889F-2EE1BAD2E952

Жөндеу жұмысын "ИнгоСтрой" ЖШС атқаруда. Жұмысқа ауылдан 27 адам тартылған. Күрделі жөндеу 4 айға жоспарланған. 180 млн. 526 мың теңге бөлінген.

Еркебұлан Бисенғалиев

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале