10.02.2022, 18:07
Оқылды: 23

Успендегі мұз айдыны

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылды "Балалар жылы" деп жариялағаны белгілі. Осыған орай Бөрлі аудандық мәслихат депутаты, елге жанашыр азамат Лесбай Елеусінов Бөрлі ауданына қарасты Успен ауылында балаларға арнап, мұз айдынын ашты. 

273603970_6967439073328622_6487456676655666183_n

"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ауыл балаларының уақытын тиімді өткізу, қысқы спорт түрлерін насихаттауды басты мақсатқа алып, игі бастамаға демеушілік жасаған Лесбай Жексенұлы Успен ауылының перзенті.

273646825_6967438516662011_2258484306487772656_n

Мұз айдынының ашылу салтанатына жоғарыда атап өткен аудандық мәслихат депутаты Лесбай Елеусінов, Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Амангелді Исанов, БЖСМ директоры Есенаман Стамғазиев, "Ақсай" мәдени-бұқаралық, ұлттық спорт кешенінің директоры Бауыржан Мықтыбаев қатысты.

Туған жерге тарту жасап, жомарттық танытқан Лесбай Жексенұлы ауылдағы ағайынға ақтарыла тілегін арнап, ауылды қолдауда тартынып қалмайтынын айта келіп, ауыл балаларына хоккей таяғын сыйға тартып, тағы бір қуантты.

Ауыл әкімі Дотан Искалиев пен ел ағасы Ғарифолла Сейдешұлы халықтың алғысын жеткізіп, қолдау білдірген азаматқа рақметтерін жаудырды.

Ашылу салтанатынан соң мұз айдынында ауыл тұрғындарынан жасақталған командалар арасында сайыс ұйымдастырылды.

273732212_6967438019995394_7054215960179762131_n

Ауыл тұрғындары жомарт жүректі жерлестеріне дән риза.

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале