Бүгінгі күн тек Алғыс айту күні ғана емес, ұстаз мерейін, мәртебесін өсірген күн болды десек, артық айтқандық емес.
Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімі Мейрам Қайырғалиевтің мұрындық болуымен ардагер ұстаз Айжан Ғазезқының тұратын үйіне "Жас туристер станциясы" мекемесінің ұстаздары мен шәкірттері арнайы барып "Ардагер ұстаз үйі" тақтайшасын орнатты.
Одан бөлек, ауыл әкімі Қ.Мырзалиев атындағы түлектер атынан, халықтың атынан шексіз ризашылығын білдіріп, құттықтау алғыс хатын табыс етті.
Құрметке бөленген ардагер ұстаз шәкірттерге ақ батасын беріп, алғысын білдірді.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz