7.04.2025, 11:45
Оқылды: 143

Ұстаз тағылымын ұлықтаған турнир

Қазақстан Республикасының оқу ісінің үздігі, «Еңбектегі ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Сырым ауданының Құрметті азаматы Марат Қадыровтың 85 жас мерейтойына арналған бір күндік тағылымды шаралар легі қазақтың дарабоз ақыны Қадыр Мырза Әлидің ескерткішінің алдында сабақтасты.

Ұстаз тағылымын ұлықтаған турнир

Аудан әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов сөз сөйлеп, білім саласындағы Марат Қадыровтың еңбегі ұшан-теңіз, ұрпаққа білім берген ұстазы болса, Сырым өңірінің рухани ұстазы Қадыр екенін атап өтті.

Салтанатты сәтте Қадыр ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қою құрметі ардагер ұстаздар Марат Қадыров пен Асан Жүсіповке берілді.

Кейін қонақтар естелік суретке түсіп, мерейтой аясында ұйымдастырылған волейбол турнирінің ашылу салтанатына аттанды.

Ұстаз тағылымн ұлықтған турнир 1

«Қайсар» спорт клубында өткен аудандық турнир Марат Қадыровтың білім мен спорт саласына қосқан өлшеусіз үлесін ардақтауға арналды. Ашылу рәсімінде Мемлекеттік Гимн асқақтап, байрағымыз көтерілді.

Ұстаз тағылымын ұлықтаған турнир 2

Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Мемлекеттік қызмет саласының ардагері, Сырым ауданының Құрметті азаматы Марат Оңғарбеков жарыстың бас төрешісі Абзал Қуанышевқа «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік байланыстырушы» аталым иегерлеріне деп, құрдасы, ардагер спортшы Нұртаза Жұмағалиевке ақшалай сыйлықтар ұсынды.

Аудандық турнирге жеті команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Қорытындысында Жосалы ауылының командасы бірінші, Бұлан екінші, Бұлдырты ауылының командасы үшінші орындарды иеленді. Жүлдегерлерге БҚО спорт басқармасы тарапынан волейбол доптары, «Қайсар» спорт клубы атынан диплом мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Турнирдің жекелей аталымдары бойынша үздіктер де анықталды. Расул Аткаев (Қособа) — “Үздік қорғаушы”, Абзал Қуанышев (Бұлдырты) — “Үздік байланыстырушы”, Нұрболат Кәкім (Жосалы) — “Үздік шабуылшы”, ал Оразбек Нұрғалиев (Бұлан) — “Үздік ойыншы” аталымдарын жеңіп алды.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале