13.07.2021, 20:58
Оқылды: 43

"Ұстаздар қауымы толық вакцина алуы керек"

Райбек Қажиахметов, Сырым ауданы, Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

- Елдегі коронавирус індетінің таралу, адамдарға жұғу процесі әлі тоқтар емес. Ауруханалар науқастарға лық толы деген ақпаратты да жиі естіп жүрміз. Ауру өршіген сайын карантиндік шектеулер де күрделене түсетіні белгілі.

B4B86564-AB49-457E-8591-610AD1419734

Шектеулер, әсіресе біздерге білім саласына әсер ететіні сөзсіз. Өткен оқу жылын онлайн аяқтасақ та, толыққанды "сабақ процесі жүрді" деп ешкім айта алмайды. Өйткені, қалай болғанда да телефон баланың қолында болады. Кеше Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев "Жаңа оқу жылында оқушылар мектепке баруы керек" деген тамаша бастама көтерді. Бәрі ойдағыдай болуы үшін, әрине, ұстаз да, мектеп те барлық санитарлық жағынан дайын болуы керек. Ол үшін барлық ұстаздар қауымы толық вакцина алуы керек. Мен де жақында қалыпты өмірге қайта оралу, өзімді, отбасымды қорғау үшін коронавирусқа қарсы екпені салдырдым. Қазір денсаулығым ойдағыдай. Өзімнің әріптестерімді, барша ұстаздар  қауымын екпе алуға шақырамын.

"Сырым елі"

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале