16.02.2022, 11:21
Оқылды: 58

Ұстаздар салауатты өмір салтын қолдайды

Шыңғырлау ауданы орталығында аудандық білім қызметкерлері арасындағы шаңғы туризмі техникасынан «Ақшақар - 2022 жыл» жарысы өтті. Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен фестивальге ауданымыздың барлық дерлік мектептері мен балабақша ұйымдарынынан 14 команда қатысты.

IMG-20220216-WA0029

Білім қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, педагогтардың туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау, патриотизмді қалыптастыру, туристік-өлкетану қызметі бойынша озық тәжірибе жинақтау мақсатын көздеген фестиваль ауданымыздың жеті кереметінің бірі – Қонақай көлі аумағында өтті.

Шараның басты шарттарына сай қатысушылар туристік КТК байқауы (концерттік бағдарлама қою); туристік дағды (орналасу, жабдықтардың болуы, безендірілуі), далалық жағдайда дайындаған тағамдар сайысы; туристік-өлкетанулық фотосуреттер байқауы мен өткелдер қашықтығы (шаңғымен тоқтау; биатлон, конькимен жүру: жапа шеккенді іздеу; алау жағу) кезеңдер бойында өздерінің шеберліктері мен физикалық дағдыларын көрсете білді. Әр кезең бойынша үздіктер жеке дара танылғанымен, жалпыкомандалық есеппен І орынды Л.Қылышев атындағы ЖОББМ, балалармен мектептен тыс жұмыс орталығы - ІІ орынды, ал жүлделі ІІІ орынды Амангелді негізгі мектебінің командалары иеленді.

IMG-20220216-WA0041

Фестиваль соңында аудан әкімі табиғат аясында өткен шараға қатысқан білім беру саласы қызметкерлерін құттықтап, жеңімпаздарды марапаттады.

Әдемі табиғат аясызда саф ауамен демала отырып, буы бұрқыраған ыстық тағамнан дәм татып, әсем әуенге бой алдырған тамаша шара ауданымызда әлі де жалғасын табады.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале