20.03.2024, 17:53
Оқылды: 79

Ат үстіндегі айқас: кімдер топ жарды?

Сырым ауданында Наурыз мейрамына орай аударыспақтан аудан біріншілігі өтті. 

IMG_8431

Аударыспақ - ат үстіндегі айқас. Ерден сусып түсіп кетпеу үшін, балуанға білек пен белдің күшінен бөлек тастай тақым да қажет. Міне, осындай жігіттер ғана аударыспақ үшін атқа қонады.

Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырған жарысқа А. Шайхиев атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің «Аударыспақ» үйірмесінің бапкері, аталған спорт түрінен ҚР спорт шебері Төлеби Қайыржанов төрелік етті.

Салмағы сексен келіге дейінгі балуандар арасында Нұршат Нариман топ жарды. Ал, сексеннен жоғары тартатын ересектердің тартысында Тұрлан Серікбай жеңімпаз атанды.

Шара ел бойынша жарияланған Наурыз онкүндігінің Ұлттық спорт күнімен үндеседі.

 

Б. Шерім, 

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале