11.05.2023, 11:30
Оқылды: 125

«Үздік әкім» атанды

 Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын мемлекеттік қызметкерлер арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Bilim-orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Жылдың үздік ауыл әкімі» атты республикалық байқауда бақ сынаған Бәйтерек ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі Ринат Ескендіров жеңімпаз атанды. Іскер әкімге арнайы төсбелгі табысталып, «Қазақстан Республикасының үздік ауыл әкімі» республикалық энциклопедиясына жерлесіміз жайында мәлімет енді.

IMG-20230511-WA0025

Ринат Маратұлының Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалғанына үш жылдан асты. Тарихы терең, қазіргі таңда инфроқұрылымы қарқынды дамыған бұл ауыл халқының бірлігі де бекем.

«Мемлекеттік қызмет – жауапты міндет! Бұл саладағы әкімнің басты міндеті – биліктің қайнар көзі халыққа қызмет ету деп білемін. Елдің сұранысын қанағаттандырып, әр мәселені шешу жолында оңтайлы шешімдер қабылдау. Осы орайда Мемлекет басшысы ұстанған саясатты, әр жолдауында айқындалған нақты тапсырмаларды өз құзыретім шегінде халыққа түсіндірдім. Әрі ауылдағы қордаланған өзекті мәселелерді шешу жолында жергілікті тұрғындар бар, үкіметтік емес ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жасай отырып жұмыстанамыз», - дейді жас әкім.

         Айту керек, Биыл Егіндібұлақ және  Алмалы ауылдарына қосымша жарық шамдарын орнату басталып кеткен. Сонымен қатар Егіндібұлақ ауылын сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында сәуір айында 30 метрлік антенна-мачталық діңгек (вышка) орнатылды. Ендігі кезекте ауыл халқы Beeline байланыс операторы «Картел» ЖШС-ның  базалық станциясын орнатуын күтіп отыр. Сондай-ақ, тұрғындардың спортпен шұғылданып, саламатты өмір салтын сақтауға жағдай жасау үшін спорттық алаң құрылысын салу жоспарда тұр. Билікте ел қамын биік қоятын азамат еңбекте алғыр. Ал отбасында алтын асықтай үш ұл тәрбиелеп отырған ардақты әке.

Гүлжаз Баделова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале