26.10.2021, 11:20
Оқылды: 21

Үздік шахматшылар анықталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бәйтерек ауданының Трекин округінде шахматтан ауыл біріншілігі өтті.

IMG-20211025-WA0064

"Бәйтерек" спорт клубының Трекин ауылдық округіндегі әдіскері Ақылбек Қабдолмәжиттің ұйымдастыруымен өткен ұшқыр ойлы спортшылар жарысына ауыл зейнеркерлері қатысты.
Ауыл тұрғындары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, ауызбіршілікті күшейту, бос уақыттарын тиімді өткізіп, жан-жақты дамыта түсу мақсатында өткен турнирге қызуғышылықпен қатысқан зейнеткерлері әдемі ойын өрнегін көрсетті.
Ауыл ақсақалдарының басын біріктірген жарыс ұйымдастырушы Ақылбек Қабдолмәжиттің айтуынша, турнир тартысқа толы болған. Ауыл үлкендерінің шахмат ойнау шеберлігі бірінен-бірі асып түсіпті. Жоғары деңгейде өткен шара қатысушылардың көңілінен шығыпты. Ауыл жастары алдағы уақытта  басқа да бәйгелерді ұйымдастыруды көздеп отырғанын да айтады.
Ауыл біріншілігінің қорытындысында Шайхы Бертілеуов жарыс жеңімпазы атанса, Бақи Тоқбаев екінші, үздік үштікті Боран Құбиев қорытындылады.

Назерке Сыйлыбаева, 
Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале