Бөкей ордасы ауданында балабақша тәрбиешілері арасында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті.
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын дарынды педагогтерді анықтауды мақсат еткен бұл байқауда үміткерлер Е-портфолио форматында тәжірибелерін ұсынып, берілген тақырып бойынша эссе жазды. Балақайлармен бірге ойын іс-әрекеттерін көрсетті. Байқауға жеті педагог қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша «Салтанат» бөбекжайының тәрбиешісі Зәмзәгүл Хамзина үздік танылып, І орын алса, «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі Эльмира Кенжеғалиева ІІ орынды иеленді. Ал Жәңгір хан атындағы мектептің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Ақкүн Сағынова мен «Ер Төстік» бөбекжайының тәрбиешісі Жадыра Мұхановалар ІІІ орынға табан тіреді.
Қ.Сағырбаев атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің тәрбиешісі Айгүл Абдрахманова «Креативті педагог», Ш.Жексенбаев атындағы мектеп-бөбекжай кешенінің тәрбиешісі Жанар Салимова «Іскер педагог», Гүлбахира Молдағалиева «Жаңашыл педагог» аталымдарын иеленді.
Байқау жеңімпазы Зәмзәгүл Хамзина байқаудың облыстық кезеңінде аудан намысын қорғайды.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz