Переметныйда каратэ-до шотокан түрі бойынша аудандық ашық чемпионат өтті. Онда балалар, кадеттер, жастар және ересектер бақ сынады. Жарысқа Орал қаласынан, Тасқала ауданынан және 9 ауылдық округтен 120 спортшы қатысты.
Чемпионаттың бас төреші Фархад Жалмурзинның айтуынша, сайыстың мақсаты – алдағы облыстық чемпионатқа дайындықты пысықтау.
Жарыс қортындысы бойынша, каратэнің кумитэ және ката әдісінен қыздар арасында 6 жасқа дейін Аяна Азбек, 6-7 жас - Ангелина Головатова, 8-9 жас - Екатерина Кожакова, 10-11 жас - Айым Мұқашева, 12-13 жас - Махаббат Шаймардан, 14-15 жас арасында Регина Тоғаева үздік болды.
Ал ұлдар арасынан 6 жаста Имран Силямғали, 6-7 жас - Әміржан Сенбаев, 8-9 жас - Арсен Бегжанов, 10-11 жас - Жанарыс Серікқали, 12-13 жас - Мадияр Жүнісали, 14-15 жас - Владислав Качурин, 16-17 жас - Әділет Бержанов мықтылығымен көзге түсті.
Нұрсәуле Әбілпейсова,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz