19.03.2023, 18:51
Оқылды: 48

Ұжым болып дауыс берді

Бәйтерек ауданында да сайлауға ұжыммен келіп дауыс беріп жатқан мекеме-кәсіпорындар аз емес.

IMG-20230319-WA0482

Мәселен, аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы түске дейін өз таңдауларын жасады. Кітапханашы Дина Мәмбеталиеваның сөзіне қарағанда, ұжымдағы 25 адам бұрыннан бері бір кісідей сайлауға қатысып, дауыстарын беріп жүр. Бұл алдағы уақытта да жалғасын табады.

IMG-20230319-WA0480

Ал «Андрейщев» шаруа қожалығындағы 12 қызметкер де өздерінің саяси белсенділіктерін танытып, демалысқа қарамастан сайлауға келді.

IMG-20230319-WA0481

«Біз егін егіп қана қоймай, еліміздегі осындай саяси науқандарға белсене қатысуға тырысамыз, - дейді аталмыш шаруашылық жетекшісі Алексей Андрейщев.

80-нен аса қызметкері бар «Белес-Агро» серіктестігінің ұжымы да сайлаудан тыс қалған жоқ. Белес ауылындағы №170 сайлау учаскесінің төрағасы Мырзабек Малаев аталмыш кәсіпорын қызметкерлерінің жоғары белсенділігін атап өтті.
Январцев ауылдық округіндегі 25 шекарашы Чинарев ауылындағы №186, ал «Жайықмұнай» компаниясының 57 қызметкері Январцевтағы №184 сайлау учаскелеріне барын, елдің ертеңі, жарқын болашағы үшін дауыстарын берді.
Аудан орталығындағы «Ақтілек» әжелер ансамблінің мүшелері де Переметныйдағы №157 сайлау учаскесіне келіп, дауыстарын беріп, өз репертуарларындағы әндерді шырқады. «Шың» театрының ауласында ұйымдастырылған іс-шараларға, ойындарға қатысты. Ансамбль мүшесі Күмісқаным Берекетованың сөзіне қарағанда, ел үшін маңызды оқиғадан олар ешқашан тыс қалмақ емес. Олар өз дауыстарын елдегі тыныштық, береке-бірлік үшін деп берді. Сенімдерінің орындаларына күмәндары жоқ.

Серік Маратұлы,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале