Бүгін Қаратөбе колледжінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы Жолдауы талқыланды.
Биылғы оқу жылының алғашқы күні Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары мен елдің экономикалық және әлеуметтік мақсаттарына арнады.
Президентіміздің айтуы бойынша, жалпы экономиканы артқа сүйрейтін бірнеше фактор бар. Нақты айтар болсақ , ол – шикізатқа тәуелділік, сонымен қатар цифрландыру саласының әлі де толықтай іске аспауы, салық саласының анық, нақты еместігі. Осындай ұлттық экономиканы артқа сүйрейтін проблемаларды жою үшін Президент өзінің шешімін ұсынды. Ол - адам капиталын дамыту, цифровизация саласында автоматизияны күшейту, барлық салаға алдыңғы қатарлы цифрлы технологияларды енгізу. Осы туралы Жолдауардың «Жаңа экономикалық саясат» бөліміндегі бірінші бағдары бойынша колледж мұғалімі Ғалия Орынбасарқызы, Жолдаудың екінші бағдарында айтылған «Нақты секторды дамыту» туралы Білжан Жамбылқызы, Жолдаудың үшінші бағдарында айтылған «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» тақырыбында жас маман Темірлан Нұрмағанбетұлы, төртінші бағдар «Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту» бөлімі туралы Гаухар Тілегенқызы, бесінші бағдар бойынша «Заң және тәртіп» бөліміне сай Жаннұр Аманжолқызы түсініктер берді.
Жолдауды талқылау жиынында аудандық мәслихат хатшысы Н.Меңдешов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Сафуллин, «АМАNAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Зейнуллин сөз сөйлеп, Президент Жолдауындағы тапсырмаларды орындауда жауапкершілік танытуға шақырып, Жолдауды қолдайтындықтарын білдірді.
Жиналысты қорытындылаған колледж директоры Мәулен Салахадден:
– ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Жаңа Қазақстанды» құрудағы жүзеге асырылуы тиіс: жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, ел болшағына арналған стратегиялық инвестиция, мемлекеттік бсқару ісін қайта жаңғырту, Заң және тәртіп бағдарламаларын біз бүгін ұжым болып талдап өттік», - деді аталмыш басқосуда. Жиынды колледж мұғалімі Гүлжан Есендосова жүргізіп отырды.
Ерболат Райсов,
Қаратөбе ауданы