27.05.2023, 19:02
Оқылды: 53

Ұжымдар бақша екті

Ауданымызда бақша дақылдарын егу жыл санап қарқын алуда. Сол жұмыстардың бір айғағындай аудан орталығы Казталов ауылында бөлім, мекеме ұжымдары бақша егуді бастады.

бакща

Нақтарақ айтсақ, бақша егуге Казталов ауданы әкімі аппараты мұрындық болып, Казталов ауылдық округінің әкімі аппараты бірден қолдап, орталықтағы бөлім, мекемелер қостап жатыр.
26 мамыр күні 16 еңбек ұжымы Сарыөзен жағасында 0,5 гектар жерге картоп дақылын егу жұмыстарын бастады. Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымовтың айтуынша, ынтымақтық танытқан мекеме қызметкерлері өзен бойындағы 0,5 гектар жерді өңдеп, картоптың «Королева Анна» сұрпын еккен. Бақша егу жұмыстарына 70 шақты адам жұмылдырып, 641 келі картоп  егілген. Бақша дақылдарын егемін деген ауыл азаматтарына қолдауға әзір екенін жеткізді әкім.
«Балапанды күзде санайды» демекші, ұжыммен жер төсін емген ұжымдар маңдай терінің жемісін үш айдан кейін көреміз.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале