Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов Ұзынкөл ауылына ат басын тіреді. Осыған дейін ауылдың кіре берісіндегі екі шақырымдық жолға орташа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Оған аудандық бюджеттен 106 млн. 980 мың теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алуды "Жайық сити" ЖШС ұтып алған болатын. Аталмыш компания жолға асфальт жамылғысын төсеуді бастады. Аудан басшысы жүргізіліп жатқан жұмыс қарқынымен танысты.
Қызу жұмыс басына ауыл тұрғындары да жиналды. Жұмысшыларға сәттілік тілеп келген зейнеткер Тілекқаным Төрешова Азамат Сафималиұлына ауылдастары атынан алғысын айтып, қуанышын жеткізді.
Қ.Ғалиева,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz