15.05.2017, 15:38
Оқылды: 40

Велошеруге шыққан жастар тарихсыз жарқын болашақ жоқ екендігін айтады

  Borli velojorik   Бөрлі ауданында ішкі туризмді дамытуға үлес қосуды мақсат еткен велошеру өңірдегі Дәниләкөл ауылының аумағындағы Қырықоба тарихи ескерткішінен бастау алды.


   «Туған жер» бағдарламасы жастарды патриотизмге үндейді. Елдің еңсесін көретіп, болашаққа бағар сілтейтін бағдарлама өскелең ұрпақтың кемел келешегі үшін маңызды құжат. Велошеруге шыққан жастар бағдарлама ұмыт болған тарихи ескерткіштердің жандануына зор ықпал ететіндігіне қуанады. Жастар тарихсыз жарқын болашақ жоқ екендігін айтады.

   Осылайша мәні зор бағдарламаға үлес қосқан бөрліліктер Қараоба маңына аялдап, өңірдегі  Мүсіреп ата зиратының тарихымен кеңірек танысты.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале