Біржан Қожақов төрағалық ететін «Демеу» мүгедектерді қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, Сырым ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен, ауылдық округтердегі және дербес бөлімдегі мемлекеттік қызметкерлердің бір күндік еңбекақыларын аударуымен аудандағы ерекше күтімді қажет ететін сал, аутизм, дауна синдромымен ауыратын балалардың денсаулығы үшін қажет вертикализатор алып берілді.
Ол аппаратты «Демеу» мүгедектерді қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігі жасап шығарған.
Вертикализаторды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ерлан Сәрсенов пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Тайшиев балалардың үйлеріне арнайы барып, ата-аналарына табыс етті. Денсаулығын нығайтуға арналған аппаратқа жымпитылық Аңсағаным Мұрат, Тәуекел Мәлік, аралтөбелік Әділжан Қаполла ие болды.
Шынар Молданиязова
Сырым ауданы
zhaikpress.kz